Payme -
Global Uzbek Card

Digital
2021-2023
Payme қаржылық қосымшасы VISA халықаралық төлем жүйесімен бірігіп жаңа өнімді шығаруға жол алды — қосымшаға кіріктірілген виртуалды VISA картасы. Бұл жердегі басты мәселе — барлық дерлік қаржылық қосымшалар мен банктер өзінің тұтынушыларына VISA виртуалды карталарын ұсынып жатыр. Бұл өнім күнделікті, қарапайым затқа айналғаны соншалықты, онымен ешкімді таңғалдыра алмайсың. Сол себепті біз өнімнің өзінің ерекшеліктеріне емес, оның өзбекстандықтарға арналғандығына назар аудартуды шештік.

Шешім

Ақырында біз халықаралық, жаһандық ойыншыны жергілікті, өзіміздікі етіп, VISA картасын басқа әлемге түсініксіз, бірақ барлық өзбекстандықтарға мәлім затқа айналдыруды ойластырдық. Ол үшін біз ауқымды сұрастыру жүргізіп, өзбекстандықтардың қандай атрибуттарды өзінікі, таныс әрі жанына жақын санайтынын зерттедік. Жиналған жауаптардың негізінде біз жаңа Payme Visa виртуалды карталарының дизайнын дайындадық.

Нәтижесі

Нәтижесінде Payme Visa туралы кампания жарты жылда 4 000 000-нан астам адамды қамтып, ашылған Payme Visa карталарының саны 203$-ға ұлғайды, ал қосымшадағы сәйкестендіру өтінімдері саны 2 есе өсті.

Бірақ бұл соңы емес! Дизайнның жайлы әрі жанға жылы болғаны соншалықты, ол карта дизайнынан тыс шығып кетті — біз нағыз Өзбекстанды көрсететін мерч жиынтығын шығардық, ал қолданушылар оның үстіне өздерінің смартфондарына қоятындай цифрлық қаптамаларды шығаруды сұрады.
Креативный директор
Старший стратег
Стратег
Графический дизайнер
CG / Анимация
Копирайтер

Продакшн:
Шаха Салиев
Алуа Имангази
Азиза Муминова
Станислав Бабич
Андрей Корниенко

Саид Назриллаев

Abstract Visuals
+7 777 098 26 19
new@lokals.kz
г. Алматы, ул. Ботанический Сад, 22
Контакты
Свяжитесь с нами